Ел сыйлаған Бауыржан

        2025 жылдың 23 желтоқсан күні балалар кітапханасы Қазақ халқының қаһарман ұлы, Кеңес Одағының Батыры, әскери қолбасшы, стратег және тактик, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ел сыйлаған Бауыржан» атты тарихи сағат өткізді. Іс-шара мақсаты: даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік жолын, өнегелі өмірін жас ұрпаққа таныту. Оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеру, батырлыққа, ерлікке, елін сүюге тәрбиелеу.

    Шара барысында: кітапханашы тарихи сағаттың тақырыбымен таныстырып, Бауыржан Момышұлының өмір жолына қысқаша шолу жасап, батырдың балалық шағы, әскери қызметі, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы деректер айтылды. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері оқылып, оның «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» атты еңбектеріне тоқталды. Сонымен қатар, батыр туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар кітап көрмесіне қойылған жазушының кітаптарымен танысты.