Ел тірегі-Елбасы

2019 жылдың 29 қарашасы күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары №1 орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен Тұңғыш президент күніне орай «Ел тірегі -Елбасы» атты тәрбие сағатын өткізді.  Мақсаты: болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру: Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

Іс-шара ең алдымен оқушылардың әнұран айтуымен басталды. Кітапханашы елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы жайлы баяндап берді. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Ел тірегі-Елбасы» атты кітап көрмесімен танысты.

92cf0f2b-9a2d-4daf-9c51-d439c650a72d 207aa1d5-5838-4fd4-a94e-604de1087e8b 1602c280-da31-43e4-a312-8be3bbe78478 adc4d435-db08-4643-8726-1f2b69db4a8d cb876672-c000-469f-a638-de5f9c00f1b4