Ерлік пен өрліктің иесі
Балалар кітапханасы қазақтың даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл толуына орай «Ерлік пен өрліктің иесі» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен ерлік жолын таныстыру; Ұлттық рухты, отансүйгіштік пен батырлық қасиеттерді дәріптеу. Шара барысында Қажымұқанның өмірбаяны, балалық шағы, күрес жолындағы жетістіктері туралы және әлем чемпионаттарында жеңіске жетуі, қазақ елінің намысын қорғауы жайлы мәліметтер айтылды. Бұл тәрбие сағаты арқылы оқушылар қазақтың біртуар тұлғасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолымен танысып, оның ерлігі мен қайсарлығынан үлгі алды.

