Ертегі әлемі шақырады

Қалалық кітапхананың балалар бөлімінде оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру мақсатында 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай  кітап апталығы «Ертегі әлемі шақырады» тақырыбында ойын-викторинамен ашылды.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамыту. Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып,  жаңа кітаптармен таныстырылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада қызықты ойын түрлері өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.