Ертегілер еліне саяхат

2018 жылдың 6 сәуір күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде апталықтың бесінші күні «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылым өтті.Іс-шараға № 1,2 мектептің 0-9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Балаларды кітап оқуға қызықтыру, оны таза ұстауға үйрету, кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру.

Даярлық сыныбының оқушыларына сахналық көрініс көрсетілді. «Бауырсақ» ертегісін кітапханамыздың белсенді оқырмандарынан құралған көркемөнерпаздар ұжымы сахналады. Сахналық қойылым түрлі үлгідегі театрландырылған әдістер арқылы ұсынылды. Үстел театры, қол театры және қуыршақ театры арқылы оқушылар назарына тарту етілді.

Кітап апталығының  барлық күндерінде оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенділікпен, құлшыныспен ат салысты. Ең көп оқитын және белсенді оқырмандарымызды 23-сәуір күні өтетін «Кітапқа апарар жол» атты мерекелік ертеңгілігімізде марапаттаймыз. Рухани жан-дүниеңді байытып, жер-көкке сапар шеккің келсе, кітапхана келіп, кітап оқығайсың, қадірменді оқырман.

20180403_111417 20180403_112403 20180404_154621 20180404_154837 20180406_111926 20180406_113055 20180406_113544 20180406_113755 20180406_114035