Ертегілер еліне саяхат

2019 жылдың 7 қазан күні қалалық кітапханада №1 мектеп оқушыларына саяхат жасалды. Саяхатқа  2Г, 4Б сыныптарынан 43 оқушы қатысты.

Балалар бөлімінің оқу залында кітапханашылар кітапхана ережелерімен таныстырып, балалар назарына жаңа кітаптар ұсынды:  «Ерлік ертегілер», «Қазақ халық ертегілері», «Батырлар туралы ертегілер», Н. Төлепбергенұлы «Өлеңді әліппе: Жануарлар», «Өлеңді әліппе: Қалалар», «100 любимых сказок»,  «Балаларға тарту», «Жан-жануарлар әлемі», «Алдар көсе мен Қожанасыр хикаялары», «Күн астындағы күнікей қыз», комикстер «Человек паук», «Зеленый фонарь» және  т.б кітаптар. Әсіресе балаларды «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты виртуалды кітабы таңғалдырды. Бұл кітапта көне заманда өмір сүрген жыртқыш тиранозавлар мен алып-мамонттар ұялы телефон бетінде тіріліп, олармен бірге суретке түсуге болады.

Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» жақсылық пен жамандық туралы мультфильмдер көрді.

DSC_0001 DSC_0003 DSC_0004 DSC_0005 DSC_0007 DSC_0008 DSC_0011 (1) DSC_0025 DSC_0030 DSC_0031 DSC_0035 DSC_0036 DSC_0045 DSC_0053