Ертегілер жолымен (Ш.Перро ертегілеріне саяхат)
11 сәуірде балалар кітапханасында өтіп жатқан балалар кітабының апталығы төртінші күнді Шарль Перро ертегілеріне саяхат жасауға арнаған болатын. Іс-шараның мақсаты: Шарль Перроның ертегісі туралы түсініктерін кеңейту, балалардың шығармашылық қызығушылығын арттыру. Іс-шараға №2 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.
Танымал жазушы және нағыз ертекші және тұңғыш рет балаларға арнап кітап жазған адам. Оған дейін ешкім арнайы балалар шығармасын жазбаған екен. Олар бір мезгілде сиқырлы және шынайы нағыз қазіргі заманға сай жасаған. Олардың кейіпкерлері тірі адамдар сияқты әрекет етеді. Ғажайып ертегілердің құпиясы- оның кез келген ертегісінен көрініс тапқан, және соңына дейін оқып болмай ертегіден бас көтеру мүмкін емес. Әр ертегі міндетті түрде жақсы аяқталады және олардың ешқайсысы оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Шара барысында кітапханашы "Кітап мерейтойы" атты көрмеге қысқаша шолу жасап, "Сказочные джунгли Киплинга"атты интеллектуалды ойын ұсынды. Содан кейін балалар иллюстрациялық кітап көрмесімен танысты. Ш. Перро ертегілері бойынша буктрейлер мен клипті тамашалап, викторина сұрақтарына жауап берді. "Волшебные сказки" брей-рингін ойнап, сүйікті ертегілерді талқылаумен аяқтады және бір сәт қиялға беріліп"мерейтой кітапшаларының жазушыларымен кездесу"тақырыбына әңгіме өткізді. Оқырмандардың авторларға деген сауалдарының өте қызықты және жан-жақты болғанын аңғардық . Келген қатысушы оқырмандар өте білімді, әрі ертегіні сүйіп оқитын балалар екен. Біз мұндай оқырмандарымызды мақтан тұтамыз.