Қасым – ғасыр ақыны

2026 жылдың 7 қазан қазақтың көрнекті ақыны, дауылпаз жырдың дара тұлғасы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай балалар кітапханасында «Қасым – ғасыр ақыны» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: жас оқырмандарға Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, ақынның поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, өлеңдері арқылы отансүйгіштікке, елжандылыққа және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алып, Қасым шығармаларынан үзінділер оқыды. Ақынның сыршыл да өршіл жырларының мән-мағынасына тоқталып, шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар оқырмандар назарына Қасым Аманжоловтың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұсынылып, кітаптармен таныстырылды.