Қазақстан-қызғалдақтар мен алманың отаны
2021 жылдың 15 наурыз күні балалар бөлімі «Қазақстан-қызғалдақтар мен алманың отаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: алма мен қызғалдақтың тарихымен таныстыру, әдемілікті сезіне білу, табиғатты қорғау. Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Соның бірі – апорт алмасы. Мұсылмандар Қызғалдақты жұмақ гүліне балайды. Қазақ қол өнерінде де, зергерлік бұйымдарда да қызғалдақ бейнесін әшекейлеген, көп бұйымдарда бедерленген. Сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар, көрпе, текемет, алаша сырмақтарда да өсімдіктердің пішіндері, көбінесе қызғалдақ бейнесін салып әшекейлеп, кестелеген.Сондықтан да қызғалдақ түрі бізге тарихымыздан мұра болып қалған.