Күлкі жанның шипасы
1 сәуір – халықаралық Күлкі күні. Көтеріңкі көңіл-күй мен шаттыққа кенелетін күн. Адамзат баласының ерекше сезіммен күтететін қуанышты мерекесі. Осы күнге орай кітапхананың балалар бөлімі «Күлкі жанның шипасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды. Кітап көрменің мақсаты: Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер беру, өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбиелеу және де көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау.