Кітап – ең жақсы дос

        Балалар кітапханасы «Кітап – білім көзі» атты кітап апталығының қорытындысы ретінде «Кітап – ең жақсы дос» атты әдеби брейн-ринг ұйымдастырып, апталық өз мәресіне жетті.

     Апталық аясында түрлі әдеби кештер, поэзия күндері, челлендждер мен көрмелер ұйымдастырылып, жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы арта түсті. Әр күн ерекше әсерге толы болып, балалар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Ал жабылу салтанатында өткен әдеби брейн-ринг сайысы ерекше әсерге толы болды. Қатысушылар әдебиетке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.Брейн-ринг барысында жас оқырмандардың ой ұшқырлығы, зеректігі мен кітапқа деген сүйіспеншілігі айқын байқалды. Сайыс тартысты өтіп, белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталып, кітапқа деген құрметтері үшін ризашылық білдірілді.