Кітап патшалығына саяхат

      2019 жылдың 27 қыркүйек күні қалалық кітапханада №2 мектеп оқушыларына саяхат жасалды. Экскурсияға 4А  сынып оқушыларынан 20 бала қатысты.

       Ең алдымен балалар жаңа кітаптармен танысты: сөздік («Ағылшын тілінің алғашқы 1000 сөзі»), комикстер: Д.Слотт «Удивительный человек паук», «Зеленый фонарь»,   энциклопедиялар («Футбол», «Балаларға спорт жөнінде», «Менің алғашқы энциклопедиям»), ертегілер және әңгімелер(«101 далматин»,  «Аюлар қаласы»),  әртүрлі жастағы балаларға арналған кітаптар («Қазақстан елімен сиқырлы саяхат», «Сенің өмірің – сиқырлы әлем», «Шеберлердің сиқырлы қаласы», «Сиқырлы жұлдызша»),  Қазақстан Қызыл кітабы және т.б кітаптар. «Қазақстан жерін мекендеген алып жануарлар» кітабы балаларды ерекше таңғалдырды.

      Балалар уақыт бойынша саяхат жасап, тарихта аты ғана қалған динозаврлармен фотосуретке түсті.  Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» экология және төзімділік жайлы мультфильмдер көрді.

DSC_0001 DSC_0006 DSC_0008 DSC_0011 DSC_0012 DSC_0020 DSC_0022 DSC_0024 My img 6