Кітапқа апарар жол
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ сәуірдің 20 жұлдызында балалар бөлімінде 23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне «Кітапқа апарар жол» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағатқа №2 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға үйрету.
1995 жылы Париж қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында осы күнді кітап пен оның авторларына арнау туралы шешім қабылданды. Күннің басты мақсаты – адамдарды, әсіресе жастарды кітап оқуға шақыру, одан ләззат алуға баулу және адамзаттың мәдени және әлеуметтік өрлеуіне үлес қосқан авторларды құрметтеу, есімдерін ұлықтау. Ә.Науаи айтқандай: "Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына". Біз кітап арқылы білімге ғана жол ашпаймыз, жаңа идеяларға кілт табамыз, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткіземіз, сұлулықты түсінеміз.
Танымдық сағат барысында оқушылар кітаптың шығу тарихынан бастап, кітап туралы небір қызықты ақпараттарға қанықты. Классик авторлардан бастап, қазіргі заман қаламгерлерімен танысты. Кітаптан құралған «КІТАП» көрмесін тамашалады. Викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында мазмұнды әңгіме өрбітті.