«Кітапханаға саяхат»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 14 маусым  күні   №1 мектеп қарамағындағы жазғы лагерьдің 1-2 сынып аралығындағы  балаларға экскурсия жасалды. Оған 22 бала қатысты. Балалар кітапханасының қызметкерлері  балаларға жаңа кітаптарды, аудио кітаптарды, ағылшын тіліндегі кітаптарды көрсетті. Аса зор құштарлықпен балалар  инновациялық сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі» кітаптарындағы ертегілерді, күйлерді тыңдады.  Балалар өздеріне ұнаған кітаптарын қызығушылықпен қарап шықты.

          Балалар қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптейтін «Атамұра» бөліміне де кіріп, қазақ халқының ұлттық киім-кешектерімен, бұйымдарымен танысты.

DSC_0001  DSC_0015

DSC_0038 DSC_0042