Кітапханаға саяхат

2019 жылдың  6 қыркүйегінде қаладағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары балалар кітапханасына саяхат жасады.

Кітапханашылар ең алдымен балаларды кітапханадағы жаңалықтармен, содан кейін жаңа кітаптармен таныстырды. Әр түрлі безендірілген кітаптар: ертегілер, повестер мен әңгімелер, комикстер, энциклопедиялар, таныс және бейтаныс батырлар, осының барлығы балалардың қызығушылығын тудырды. "Қазақстанның қауіпті жануарлары, "Адамзат тарихының шежіресі"," Қарақшылық тарихы", - осы кітаптарды қолға алып,ғажайыптар әлеміне қіру. Әсіресе балаларды 3D анимация орналасқан «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты виртуалды кітап қызықтырды. Веб-камерасы бар мобильді құрылғының көмегімен кітап беттеріндегі көне замандағы жыртқыш тиранозавр, алып-мамонт пен мүйізтұмсық тіріліп, балалардың көз алдына ғажайып кезеңді келтірді.

DSC_0050 DSC_0049 DSC_0055 DSC_0048 DSC_0052 DSC_0033 DSC_0039 DSC_0043