Кітапханаға саяхат-жас бүлдіршінге бағыт

2019 жылдың 3 қазан  күні қалалық кітапханада №1 мектеп оқушыларына саяхат жасалды. Саяхатқа 2Б, 3Ә, 3В сыныптарынан 67 оқушы қатысты.

Балалар бөлімінің оқу залында оқушылардың назарына жаңа кітаптар ұсынылды: ертегілер («Сұлу және Құбыжық», «Пиноккио», «101 далматин», «Сүйікті сиқырлы ертегілер», «Жалқау мысық», «Перінің сыйы», «Жалқау мысық»), тақпақтар, жаңылтпаштар және мақал-мәтелдер жинағы, С.Иманасов «Жәнібек пен атасы», Қ.Баянбай «100 жаңылтпаш-өлең», панорама-кітап «Снежная Королева» және т.б кітаптар. Кітапханашы «Балдырған», «Мастерилка», «3/9 царство», «Саяхатшы Дара», «Айтшы, әжетай», «Ерке бала», «Маленькие академики», «Керемет kids» журналдарына шолу жасады. Балалар ойыншық кітаптарды (« Азбукварик», «Умная сказочка») , «Даналық әліппесі» сөйлейтін қаламмен «Бесік жыры», «Нақыл сөздер», «Даналық сөздер»,  «Халық жыры» кітаптарын тыңдады. Балалар өздерін қызықтырған кітаптар мен журналдарды алып оқыды.

Содан кейін оқушылар «Білім орталығында»  мультфильмдер көрді.

 

20191003_150025 20191003_150040 DSC_0001 DSC_0003 DSC_0004 DSC_0007 DSC_0014 DSC_0023 DSC_0028 DSC_0038 DSC_0044 DSC_0071 DSC_0077 DSC_0080 DSC_0082 DSC_0093 DSC_0095 DSC_0103 DSC_0115 DSC_0119 DSC_0151