Кітапсүйгіштер жағалауына саяхат
Балалар бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 9 сәуірі күні, яғни апталықтың екінші күні «Кітапсүйгіштер жағалауына саяхат» атты сахналандырылған көрініспен жалғасын тапты. Оған 6 сынып оқушыларынан 20 шақты бала сынып жетекшілерімен бірге арнайы шақырылған болатын.
Іс-шара барысында ұсынылған көрініс кітапханашы мен оқырман арасындағы диологтан құралған. Мақсаты, күнделікті көзімізбен көріп жүрген оқырман қабылдаудағы мәселелерді сыни көзқараспен қатысушылар назарына ұсыну болатын. Оның ішінде оқырман мәдениеті, кітапхана тәртібі, жазылуға қажет құжаттар деген сияқты бірнеше тақырыптар төңірегінде сөз қозғалды. Соңында жаңадан жазылған оқырманымызды кітапсүйгіштер жағалауына саяхатқа бірге алып кеттік.
Ия,кітапхана - ғажайып әлем, кітап - ұлы ұстаз. Бар әлемді зерттейтін, бізге танытатын, біздің барлық сұрақтарымызға жауап бере алатын кемеңгер. Жер бетіндегі сансыз әлем туралы, ғарыш ғажаптары туралы толық мағлұмат беретін ол - кітап. Мектеп табалдырығын аттаған жас ұрпаққа білім ұшы-қиыры жоқ теңіз, ал біздің оқырмандар сол білім дариясын кезіп ізденушілер.
Құрметті оқырман, жас ұпақтың бойында кітапханаға барып кітап оқуға деген дағдыларын бірге қалыптастырайық!