Кітаптар еліне саяхат
2019 жылдың 24 қыркүйек күні қалалық кітапханада №2 мектеп оқушыларына экскурсия жасалды. Экскурсияға 1в, 1г, 2а, 3а, 4б сыныптарынан 123 оқушы қатысты. Мақсаты: балалар кітапханасымен танысу;
Балалар бөлімінің оқу залында балалар назарына жаңа кітаптар қойылды: «Қазақ халық ертегілері», «Батырлар туралы ертегілер», Н. Төлепбергенұлы «Өлеңді әліппе: Жануарлар», «Өлеңді әліппе: Қалалар», «100 любимых сказок», Н. Носов «Вниз по волшебной реке», «Балаларға тарту», «Жан-жануарлар әлемі», «Алдар көсе мен Қожанасыр хикаялары», «Күн астындағы күнікей қыз», электронды энциклопедия «Уроки божьей коровки» және т.б кітаптар.
Әсіресе балаларды «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты виртуалды кітабы таңғалдырды. Бұл кітапта көне заманда өмір сүрген жыртқыш тиранозавлар мен алып-мамонттар ұялы телефон бетінде тіріліп, олармен бірге суретке түсуге болады. Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында» экология және төзімділік жайлы мультфильмдер көрді.