Кітаптар әлеміне саяхат

2024 жылдың 01 сәуір күні балалар бөлімінде оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру мақсатында балалар кітап апталығы «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында ойын-викторинамен ашылды.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық қабілетін дамыту. Шарада балаларға кітап беттерінен алынған танымдық, қызықты сұрақтар қойылып, жаңа кітаптармен таныстырылды. Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен іс-шарада қызықты ойын түрлері өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.