Кітаптар тұратын әлем

2019 жылдың 2 қазан  күні қалалық кітапханада балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатында №1 мектеп 2В, 4Ә, 4В сынып оқушыларының қатысуымен саяхат өткізілді. Саяхатқа 70 оқушы қатысты.

          Балалар бөлімінің оқу залында кітапханашылар кітапханаға жазылу жолдарын айтып, балалардың  назарына жаңа кітаптар ұсынды: Абыкаева Р.Ф «Диннің қызықты оқиғалары», Корней Ч. «Пұшайман Федора», Қалиұлы С. «Менің елім», Филиппова Р. «Көжек Тим және оның достары», «Алтын сақа», комикстер: «Удивительный Человек-паук», «Зеленый фонарь»,«Ертегілер елінде» атты сериялы кітаптар балалардың қызығушылығын оятты. Балалар  «Даналық әліппесі» атты кітаппен танысып, ертегілер, күйлер тыңдады. 

       Кітаптармен танысып болған соң балалар «Білім орталығында»  «Али мен Айя» жайлы мультфильмдер  көрді.

 DSC_0034 DSC_0035 DSC_0037 DSC_0042 DSC_0048 DSC_0053 DSC_0055 DSC_0057 DSC_0062 DSC_0065 DSC_0071 DSC_0073 DSC_0083 DSC_0092