«Балалар кітапханашысының жазғы практикумы – 2024»

27-28 маусымда Приозерск қаласында «Балалар кітапханашысының жазғы практикумы – 2024» көшпелі облыстық семинары өтті.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ ұйымдастыруымен семинар өтті.

Семинарға Қарағанды және Ұлытау облыстарының облыстық, қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелері қатысты.

Семинарға қатысушылар алдында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Н.А. Стамқұл және Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ. Уатаева құттықтау сөз сөйледі.

Спикерлер мультимедиялық құралдарды, интерактивті жаттығулар қызметтерін, көрме-инсталляцияларды таныстырды. Әріптестер кahoot платформасында ойындар өткізді; тәжірибе алмасты.

Семинар тәжірибе алмасу және өңірдегі балалар кітапханалары арасында тиімді инновациялық кәсіби идеяларды тарату мақсатында ұйымдастырылды.

 

449526178_1840086429835994_3526859794755167695_n  449677372_1840086363169334_6969244192331363212_n (1)  449677372_1840086363169334_6969244192331363212_n  449701211_1840086386502665_4448349817835492660_n  449708013_1840086463169324_3604093189143040690_n  449714546_1840086553169315_5927289844905173713_n