Кітапханадағы жаз

 2019 жылдың 12 шілде күні Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК  жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері тәрбиешілерімен бірге қалалық кітапханаға экскурсия жасап қайтты.  Кітапхана қызметкерлері балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырып,мерейтойлы кітаптарға шолу жасады.

    Балалар ертегі кітаптардан жасалған вернисажды тамашалады. Сөйлейтін қаламды тыңдап, электронды ойыншықтармен ойнап болған соң өздеріне қызықты кітаптарды алып оқыды. Сонымен қатар балалар жаңадан ашылған «Білім»  орталығымен танысты. Кітапханада уақыт балалар үшін өте жылдам өтіп кетті, балалар тағы да келетінін айтып,жазылған оқырмандар оқуға кітаптар алды.

DSC_0002 DSC_0007 DSC_0011 DSC_0016