Кітапханадағы жаз

    Жаз! Балалар мен ересектер үшін жылдың ең сүйікті уақыты. Көптен күткен демалыс  уақыты да келді. Көлде шомылып, саябақта серуендеп, басқа қалаларға қыдырумен қатар кітап оқуды да ұмытпаған жөн. Өйткені кітаптар біздің ең жақсы достарымыз.

     Қалалық кітапхана алаңында ашық аспан астында  « Кітапханадағы жаз»  демалыс бағдарламасы  аясында оқу залы ұйымдастырылды. Жазғы кітапханада балалар ұнаған кітап, журналдарын оқып, оларды үйге алып, сурет салып, шахмат пен дойбы ойнап,  конструкторларды  құрастыра алады. Сондай-ақ, алаңда  балалар кітап оқығаннан кейін сергіп ойнайтын ойын кешені бар.

       Ашық аспан астандағы оқу залында дойбы ойнау, сурет салу,шахмет ойнау сияқты әртүрлі конкурстар  күнделікті ұйымдастырылып отырады.

     «Кітапханадағы жаз» демалыс бағдарламасы аясында өткізілген бұл шаралар  көптеген жаңа оқырмандарды таруға түрткі болды. Жаздың жайма шуақ күнінде кітапханаға келген әрбір оқырман қызықты шараның куәсі болды.

2 1 3 DSC_0015 DSC_0018 DSC_0046 DSC_0146 DSC_0147 DSC_0150 index