Ұлы тұлға өмірі

       2025 жылы 24 қараша күні кітапхананың балалар бөлімінде қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлы тұлға өмірі» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларға балалар жазушысы С. Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдерімен шығармашылықтарын таныстырып, оқырмандарды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шарада кітапханашы Сапарғали Бегалиннің өмір жолы, шығармашылық мұрасы туралы қысқаша мағлұмат беріп, оның қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі, «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Қыран кегі» сияқты танымал шығармаларын атап өтіп, бейнеролик көрсетті. Кеш соңында «Ұлы тұлға өмірі» атты шағын көрме таныстырылып, оқушылар жазушы мұрасының құндылығын терең сезінді.