Менің сүйікті кітабымның кейіпкері

2018 жылдың 5 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде апталықтың төртінші күні «Менің сүйікті кітабымның кейіпкері» атты сурет көрмесі өтті. Іс-шараға №1,2 мектептің 0-4 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген құлшыныстарын ояту, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету.

Бастауыш сынып оқушылары өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерінің бейнесін қағаз бетіне түсірді. «Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Етік киген мысық», «Бұрқасын ханшайым», «Бақа мен ханзада» тағы да басқа ертегілер балалар қиялының шеберлігімен қылқаламнан өтті.

20180403_152726

20180405_154303 20180406_114322 20180406_114732

20180406_114926