Мейірімді жүрек иесі
2025 жылдың 28 қазан күні балалар жазушысы Н.Сералиевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Мейірімді жүрек иесі» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: жазушы Н.Сералиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру және елге еңбегі сіңген тұлғаларға деген құрметін арттыру. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолына қысқаша тоқталып, кітап көрмесімен таныстырды.
Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысып, оның қоғамға, әдебиет пен журналистикаға сіңірген еңбегін терең ұғынды. Ақпараттық сағат жас ұрпаққа отансүйгіштік пен еңбексүйгіштік үлгісін көрсетті.


