Мейірімділік жүректен
2018 жылдың 3 қазанында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ –нің «Үміт» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі қамкөңіл балалармен «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық кешті «Жұмыспен қамту жане әлеуметтік бағдарламар бөлімі» ММ мен бірлесе өткізген болатын. Іс-шараға мүмкіндігі шектеулі 14 бала ата-анасымен қатысты.
Акция аясында қала бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар тізімінде тұрған 35 балаға жас ерекшелігіне сай естелікке бағалы сыйлықтар берілді.Аталған қайырымдылық іс-шара нәтижесінде балаларды ментальды арифметика, логика және моторикасын дамыту тренингтермен диагностика жүргізіледі.