Николай Носов - творец детских книг

2018 жылдың 23 қарашасында балалар кітапханасының оқу залында орыс балалар жазушысы Н.Носовтың туғанына 110 жыл толуына орай  «Н.Носов-детских книг творец» атты тәрбие сағаты өтті.Іс-шараға №2 мектептің 2 сынып оқушылары арнайы шақырылған болатын.

Шараның мақсаты: оқырмандарға  Николай  Носов туралы түсінік беру, жазушы және керемет әдеби суреткер шығармашылығымен таныстыру.

Николай Носовтың кітаптары балаларға ұнайды, себебі ол  шығармаларына өздері секілді қарапайым, қиялшыл, ойлап тапқыш  ұл-қыздарды  арқау еткен.

Көңілді кітаптары маңызды заттар туралы айтады, балалар кейіпкерлердің өмірлік тәжірибесін қабылдай отырып, тапсырылған іске қандай жауапкершілікпен қарау  керектігін біледі. Оқырмандар  назарына балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы "Носовтың ғажайып кітаптары" атты кітап көрмесі, "Огурцы" әңгімесінің желісінде жасалған бейнеролик, "Бобик в гостях у Барбоса"мультфильмі ұсынылды. Балалар "Живая шляпа" , "Фантазеры" әңгімелерінен үзінділерді үлкен ықыласпен тыңдады, қызықты әдеби кейіпкерлермен кездесулерден алған әсерлерімен және жағымды эмоцияларымен бөлісті. 

1

2 3 4 5

6