«Отан қорғау-азаматтық парыз»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде  2019 жылдың 4 мамырында «Отан қорғау- азаматтық парыз» атты Отан қорғаушылар күніне орай  7-8 сыныптар аралығында диспут өткен болатын. Пікірталастың мақсаты: оқырмандардың бойында  ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанды сүюге, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Өз ойын толық жеткізе білуге, шешендікке  баулу.

Пікірталас  барысында оқырмандарымыз сұраққа белсенді жауап  беріп, диспутты одан әрі  қыздыра түсті. Қатысушыларға мерекенің тарихынан мағлұмат беретін презентация көрсетіліп, назарларына тақырыптық көрмемен қоса жаңадан келіп түскен кітаптар да ұсынылды.

Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарға алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді,  ал Отан қорғау жолында жүрген азаматтар қашанда өз ісіне адал, нағыз патриот.  Ал оны дәріптеп жас ұрпаққа жеткізу тек біздің міндетіміз.

 

DSC_0002 DSC_0004 DSC_0005 DSC_0008 DSC_0013