Поэт на все времена

2018 жылдың 7 қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің балалар кітапханасының оқу залында атақты орыс ақыны және аудармашы Борис Владимирович Заходердің 100 жылдығына арналған "Поэт на все времена" атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға №2 мектептің 2 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:Оқушыларды Б. В. Заходердің шығармашылығымен таныстыру; балалар поэзиясына деген қызығушылықтарын  арттыру; кітап оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Борис Заходер оқырмандар қауымының сүйікті кітабына айналған Алан Милн, Льюис Кэрроллдың, Джеймс Барридің және басқа да атақты шетелдік жазушылардың шығармаларын орыс тіліне тәржімалаған шебер аудармашы. Автордың негізгі мақсаты әлемдік балалар классикасын танымал ету. Ақынның үздік суреткер екендігін дәлелдейтін көптеген жазбалары оқушыларға бұрыннан таныс. Атап айтар болсақ, «Перемена», «Мохнатая азбука», «Винни пух и день забот». Көбінесе оның шығармаларының кейіпкерлеріі — автордың сиқырлы әлемін мекендейтін құстар, аңдар мен балықтар. Жазушының шығармашылық жолы, оның көңілді өлеңдері мен санамақтары туралы презентация дайындалды. Кішкентай оқырмандар үшін Б.Заходердің қызықты оқиғаларға толы өлеңдері оқылды, Оқушылар автормен және оның шығармашылығымен таныса отырып, Б.Заходердің сүйікті кейіпкерлерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін талқылады, оның  суретті сюжеттерге құрылған кітапшаларын тамашалады.

IMG-20180907-WA0015 IMG-20180907-WA0016 IMG-20180907-WA0018 IMG-20180907-WA0019 IMG-20180907-WA0021 IMG-20180907-WA0022 IMG-20180907-WA0032