Әке-асқар тау
Әкелер күніне орай балалар кітапханасында «Әке – асқар тау» тақырыбында құрмет кеші ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты: әкенің рөлі мен мәртебесін арттыру, әке болуды насихаттау, бірлескен іс-шараларға қатысу арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту, әкесіне деген сүйіспеншілікке, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
Шара барысында балаларға әкенің мәртебесі,тәрбиесі, адамның өміріндегі әкенің орны туралы, ӘКЕ деген сөздің ұғымын түсіндіре кетіп, балалардың өз ойларын сұрау арқылы кері-байланыс алынды. Тақырыптық түрлі бейнероликтер, бейнеслайдтар және қызықты ойындар ойнатылды. Балалар барлық ойындарға өте белсенді қатысып отырды. Шара соңында «Әке-асқар тау» атты кітап көрмесіне тоқталып, таныстырылып өтті.