Қабанбай М.

Арыстан,мен, виолончель және қасапхана: повестер / Қарағанды: «Qasym баспа үйі» 2021 -278 б.

Марат Қабанбай балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларды көптеп жазды. Ол жалғандыққа бой беріп, ойдан шығармай,төңірегіндегі кішкентай бүлдіршіндердің бал қылықтарын,әрекеттерін мейлінше дәл суреттеуге тырысқан. «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повесі ә дегеннен бас алмай, қызыға оқитындай шынайы оқиғаларға құрылған. Жинаққа енген өзге де повестерде балалар арасындағы қызықты жайттар мен олардың бір-бірімен қарым – қатынасы өте әсерлі суреттелген.

Кітап балалар мен көпшілік кітапқұмар қауымға арналған.