Қаназ М.

Қияндағы күн нұры: повесть / М. Қаназ – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2024. – 110 б.

Өткен ғасырдағы сұрапыл соғыс жылдарындағы ел тағдыры қазақ әдебиетінің мәңгілік тақырыптарының біріне айналды. Шынайы суреттеулерімен қайталанбас образдар тудыра білген М.Қаназдың «Қияндағы күн нұры» повесінде сын сағаттағы адамдардың қарым-қатынасы мен мінез-құлықтары, жүдеп-жадаған ел тұрмысы, майдан даласынан жырақтағы халықтың тіршілік үшін күрес майданы бала кейіпкер Ералының баяндауымен суреттеледі.

Кітап жасөспірімдер мен барша оқырмандарға арналған.