Байтұрсынұлы А. Оқуға шақыру: өлеңдер, мақалалар

Оқуға шақыру: өлеңдер, мақалалар / А.Байтұрсынұлы. – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2024. – 182 б.

А.Байтұрсынұлы өмірін ел мұратына арнап, саясатта, ғылымда, халық ағарту ісінде, әдебиет пен тіл майданында күш-қайратын сарқа жұмсап, ұлт үшін өлшеусіз қызмет етті. «Қаламынан  тамған бал ем болудан танбайды» деп М.Әуезов айтқандай, қай дәуірде де қасиетін жоғалтпайтын, өшпес өсиетке толы шығармалары ұрпаққа мәңгі ұлағат болары сөзсіз.

Бұл жинақта Ұлт ұстазының балаларға арналған тағылымдық өлеңдері мен аудармалары, танымдық мақалалары беріліп отыр.

Кітап мектеп жасындағы балалар мен барша оқырман қауымға арналады.