Данабаев Қ. Менің сүйікті Альбинам – әңгімелер жинағы

Қази Данабаев. – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2022. – 222 б.

Әдебиет әлеміне ең алғаш өлеңмен келіп, кейін прозаға бет бұрған Қази Данабаевтың әңгімелерінен ауылдың бейнесін көреміз. Ауыл адамдарының тыныс-тіршілігін, олардың ақ-адал көңілін жеңіл тілмен жеткізе білуі қаламгер Қази шығармаларын ерекшелендіріп тұратындай.

Осы жинақтың атауына негіз болған «Менің сүйікті Альбинам» әңгімесінде бозбаланың бойжеткенге деген белгісіз іңкәр сезімі нәзік лиризммен суреттелген.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.