Казаков Ю.

Арктур – құмай тазы: әңгімелер/ Қарағанды: «Qasym баспа үйі» , 2021 – 126  б.

Юрий Казаков – көпшілік жаппай оқитын жазушылардың қатарынан ешқашан көрінген емес. Сол үшін де оның атын жалпы жұрт біле бермейді. Есесіне , қолына қалам ұстайтын қауым мен аса талғампаз оқырмандардың арасында зор беделге ие.

Табиғаттың әр құбылысын,әрбір елеусіз өзгерісін сезе білетін,адам баласының жан – дүниесіндегі қатпарларды байқай білетін, тіпті жан – жануар, аң мен құстың ішкі әлеміне үңіле білетін жазушының қазақшаға аударылған кейбір әңгімелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.