Кәрменов Ж.

Көшім бала: әңгімелер / Ж.Кәрменов. – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2024. – 142 б.
Жәнібек Кәрменовтің әңгімелерінде қазақтың ұлттық бітім-болмасы көркем бейне, кестелі тілмен нанымды суреттеледі. «Көшім-бала» Мәди, Үкілі Ыбырай, Әсет сынды атақты әншілердің көзін көріп, батасын алған, әнші Жүсіпбек Елебековтің балалық шағы туралы жазылған туынды. «Әке көңілі» ата-ананың қадірін білуге үйретсе, «Ақылбайдың әні» жастық шақтың оралмас сағынышымен табыстырады. «Ешкім білмейтін күй», «Түйеші» әңгімелерінің де ұлттық руханияттың қайнар бұлағынан сусындағысы келген қалың оқырманға берері мол.
Кітап барша оқырман қауымға арналады.