Соқпақбаев Б.

Менің атым Қожа: повесть / Қарағанды: «Qasym баспа үйі» , 2021 – 144 б.

Жазушының бұл повесі жазылғаннан бері жарты  ғасырдан астам уақыт өтсе де, өзінің ғажабын жоғалтпай келеді. Жыл сайын бесінші сыныпқа баратын жаңа ұрпақ Қожамен құрдас болып,оның сырласына айналып отырады. Шығармамен  енді танысқан кез келген бала Қожаның басынан өткен хикаяларды қызыға оқып,онымен бірге қуанып,онымен бірге күліп, арасында онымен бірге мұңаяды. Сондай – ақ қайталап оқыған адам да құтты бір бірінші рет оқып отырғандай әсерленіп, жадырап күліп, балаша мәз болады.

Кітап балаларға және балалық шағын есіне түсіргісі келетін ересектерге арналады.