Жұртбай Т. Түйешінің қызы: әңгімелер, повесть

Т. Жұртбай. – Қарағанды: «Qasym баспа үйі», 2024. – 174 б.
Тұрсын Жұртбайдың шығармашылық жолының жастық кезеңін қамтитын «Түйешінің қызы» атты бұл кітапта жазушының алғашқы қаламалды прозалық туындылары арнайы жинақталып беріліп отыр. Мұнда сәби санасына тұңғыш рет ұялаған мұң мен алғашқы махаббат, жарық дүниеге деген ынтызарлық, күйініштер пен сүйініштер бозбалалық шаққа тән бұла сезіммен табиғи суреттелген.
«Шилі өзен қамыс-ай» повесінде адам қолымен жасалған табиғи зардапқа күйінген, әділетсіздікпен күрескен жастардың тағдыры, ғашықтық сезімі, адамдардың сан тарапты қарым-қатынасы жайлы әсерлі жазылған.
Кітап жастар мен жалпы оқырман қауымға арналады.