Рәміздерім-елдігімнің белгісі

4 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» тақырыбында  презентация ұйымдастырылды. Іс-шараға №2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа  Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақЕлтаңба және Әнұран.

Сондай-ақ  оқырмандар назарына «Рәміздерім-елдігімнің белгісі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

20180605_101738 20180605_101749 20180605_101923 20180605_105029