Сатира сардары Оспанхан Әубәкіров

Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні балалар кітапханасында сатирик, жазушы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сатира сардары Оспанхан Әубәкіров» тақырыбында ақпараттық минут өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс істеу,ой-өрісін дамыту,білім,іскерлік дағдыларын қалыптастыру,өзіндік талдау және жинақтау.

Шара барысында оқушыларға сатирик туралы толық мәліметтер айтылып, «Қазақ сатирасының саңлағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылып өтті.