Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?»

      2021 жылдың 11 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы бойынша «Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты қалалық балалар сайысы өтті. Елбасымыз өз мақаласында ұсынған «Туған жер» жобасы саналы  ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.  Іс-шараға 6-8 сынып оқушылары қатысты.

      Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты өз елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тарихи тұлғалары мен тарихи ескерткіштерін құрметтеуге үйрету. Қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді ояту. «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», -дейді өз мақаласында Н.Назарбаев. Бүгінгі жастар – ертеңгі еліміздің болашағы.

       Спикерлер: Г.Ермагамбетова мен Ж.Кулмишева балаларға викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылып, бейнеролик көрсетілді.

33 34 35  37 38