«Ертегілер әлемі»

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде «Шебер қолдар» үйірмесі талапты да дарынды, белсенді оқырмандарымен жазғы демалыс кезеңінде де өз жұмысын жалғастырып келеді. Тұрақты оқырмандарымыз бен үйірменің тұрақты мүшелері  маусым айында жапсырмалау жұмысы бойынша: қағаз,мата,түрлі түсті қағаздан ертегілер әлеміне көрініс құрастыруды үйренді.

Үйірменің мақсаты: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру; оқушыларды жинақтылыққа төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Кітапханаға келген балалар өздері оқып жүрген ертегі кейіпкелерін квиллинг әдісін қолданып,қағаз бетіне жапсырды. Квиллинг балалардың ұсақ маторикасын,шыдамдылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытудың тамаша тәсілі.

0  2 3 4 5 7