Үкі тағу

Үкінің үлпілдек жүнін әсемдік әрі көз тимеу үшін тағу ырымы бар. Үкі құсын «қасиетті» деп, оның қауырсынын жас нәрестенің бас киіміне, бесігіне тағатын. Осыдан келіп, қыздар мен сері жігіттер бас киімдеріне, жас келіндер екі иығына сәндікке үкі тағу дәстүрге айналған. Қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғанының белгісі ретінде берілетін кәделерінің бірі үкі тағу деп аталады.

3

4