Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер (түрлі материалдан қиып жапсыруды үйрету)
Балалар бөлімінде ұйымдастырылған «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты шеберлік сағатының мақсаты: оқырмандарды ұлттық киім түрлерімен таныстыру, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан пішуді, сонымен қоса киім үлгілерінің эскизін салып, оны нақышына келтіре қиып, жапсыруға үйрету. Оюдың түрлерімен таныстыру. Оюдың да өзіндік ерекшеліктерімен таныстырып, ұлттық салт – сананы бойларына сіңіру.
Осындай үйірменің нәтижесінде кітапханаға келушілер мен тұрақты оқырмандар санының артатыны сөзсіз. Аталмыш шеберлік сағатына 5 жас пен 10 жас аралығындағы балалар қатысты. Шыныменде «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп бекер айтылмаса керек. Қатысқан кішкентай оқырмандарымыз өздерінің ұяларында көрген-білген дүниелерін әрі қарай шыңдау үшін көп оқып, көп білім алу керектігін түсінді. Бұл да болса біздің қатысушылардың көргендігінің арқасы деп білемін.