Ою-өрнек бастырмалары

«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті шеберлік сабағы «Ою-өрнек бастырмалары» тақырыбына арналды. «Шебер қолдар» үйірмесі сабағының негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.
Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді. Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз
Сабақта балалар фетр матасынан ою-өрнектің үлгілерін жасап, оларды желіммен жапсырмалады.Тұрмыста қажетті әртүрлі бұйымдар: қыз балалардың бас әшекейлерін, шәугімнің астына қоятын бұйымдар жасады. Шеберлік сағатына 3-6 сынып жас аралығындағы балалар қатысты.