Приозерск қалалық кітапханасының балалар бөлімінде 2010 жылдан бастап үйірме жұмыс жасайды

Мақсаты:

Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, біздің елімізде тұратын басқада халықтардың қол өнерге деген қызығушылықтарымен таныстыру. Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту. «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы.Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.Оқушыларды қол-өнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа тиянақтылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу.

Қолөнер-мол өнер.Қолөнер-халық өмірімен,тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр.Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмыстық сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.    Көз қорқақ, қол батыр демекші. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз санайды т.б. Ою-өрнек арқылы қолдың икемін, буынның әсем қимылын жаттықтырып, заттың бетіне сызу бедерлеу әдістерін қолданамыз. Казіргі кезде ұлттық қол өнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналуда. Шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты әстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, азамат қоғамыңда бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді. Еліміз егемендік алғалы жас ұрпақты өз халқының өнегесіне, әдет-ғұрпына сай тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болуда. Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы оқушыларды іскерлікке баулумен қатар ұлттық қолөнер шеберлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға болады.

 0_75048_4028b2f1_L 42b1a028aa31 44cf55f3ad13 Фото китап 140 Фото китап 265 Фото0503 Фото0505

Үйірменің жоспары:

Қаңтар:

1. Кітапханада отырыс өткізу, активтердің жаңа мүшелерін тағайындау, үйірме жоспарымен таныстыру.

 Ақпан:

2. «Шебердің қолы ортақ» жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыстың мазмұнымен таныстыру.

«Саусағынан өнер тамған» оқушылардың өз қолдарынан салған суреттерін насихаттау.

 Наурыз.

3. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау

 Сәуір.

4. Кесте тоқу

 Мамыр.

5. Қағаздан гүл бейнесін жасау.

 Маусым:

6. 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған кеш өткізу.

 Шілде:

7. Қатты заттардан аңдар бейнесін жасау.

 Тамыз:

8. Әртүрлі керекті заттарды пайдалана отырып ауыл бейнесін бейнелеу.

 Қыркүйек:

9. Тоқыма тоқу.

 Қазан:

10. Ұлттық ою-өрнектерін насихаттау.

 Қараша:

11. Құрақ құрау.

Желтоқсан.

12. Жаңа жылдық шыршаға арналған ойыншықтар жасау.