Ұсақ моншақтан жасалған гүл

(Шеберлік сағаты: өткізген Шәріп Нұрай)

 «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен жоспарға сай әр түрлі бұйымдар жасалды. Үйірмеміздің мүшесі Шәріп Нұрай ұсақ мойыншақтардан гүлдің бейнесін жасап және жасалу жолын оқырмандарға көрсеткен болатын. 

Шеберлік сағатының мақсаты: үйірме жұмысын жандандыра отырып,  баланы шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, шеберлігін  дәріптеп, іскерлігін дамыту.

Саусағынан өнер тамған оқырмандарды шығармашылыққа тарта отырып жас жеткіншектердің бойында шеберлік пен іскерлікті қалыптастыру, икемділік қабілеттерін арттыру, төзімділікке шақыру.  

«Шебер қолдар» үйірмесі өнер мен білім ісін бір-бірімен ұштастыруда  үлкен рөл атқаратынына сенімдіміз. 

обащение 13 008 обащение 13 015 обащение 13 020 обащение 13 021 IMG_0615 IMG_0618 IMG_0621 IMG_0622