«Шебер қолдар» шығармашылық үйірмесінің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары

«Шебер қолдар» шығармашылық үйірмесінің

2019 жылға арналған жұмыс жоспары

Қаңтар- ақпан

6 жас пен 14 жас аралығындағы оқырмандар арасында  «Ынта –ықыласын білу» сауалнамасын жүргізу. Шығармашылыққа жақын, қолы епті балаларды анықтау.

Наурыз                                   

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» оқырмандар ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыруға үйренеді.

Сәуір

«Жұмсақ бейне ойыншықтар»  яғни  жұмсақ ойыншықтар жасау

технологиясына үйренеді.

Мамыр

«Тұрмыстық еңбек»  мұнда  әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіруге үйренеді.

Маусым

«Жапсырмалау жұмысы»   қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйренеді.

Шілде

«Ою-өрнек бастырмалар»  сабағында  ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістеріне үйренеді.

 Тамыз

«Сәндік қолданбалы – өнер элементтері»  атты шеберлік сабақта шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасауға үйренеді.

Қыркүйек

«Су моншақ тоқып үйрену»  сабағында  моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен  жұмыс жасауға   үйренеді.

Қазан

«Тоқыма-өнері»- тоқу әдістеріне үйретеді.

Қараша

«Оригами өнері»-  қағазбен жұмыс жасауды үйрететін шеберлік сағаты.

Желтоқсан

Қорытынды.  «Саусағынан өнер тамған –оқырман»  номенациясымен келіп қатысып жүрген оқырмандардың ішінен ең өнерлісін марапаттау рәсімі.