Шебер қолдар үйірмесі

Шебер қолдар үйірмесі талапты да дарынды, белсенді оқырмандарымен жазғы демалыс кезеңінде де өз жұмысын жалғастырып келеді. Тұрақты оқырмандарымыз бен үйірменің тұрақты мүшелері әртүрлі тұрмыстық  қалдықтардан, қағаздан түрлі бұйымдар және қарындаш салғыш қорапша жасауды үйренді.

Үйірменің мақсаты: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа төзімділікке,икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын түсіндіре отырып, оларды өз қолдарымен жасап, сәндік-қолданбалы өнерді қайта жаңартуға, оған жаңа мазмұн беруге баулу.

Сенде қатарымызға қосыл, жас дос!

2-2

2-3

2-4